$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Отандық өнімді жеке құрылыстарға пайдалану аясын кеңейту қажет",- депутат

16.07.2024ж. 20:00
146
"Отандық өнімді жеке құрылыстарға пайдалану аясын кеңейту қажет",- депутат

Отандық өнімді жеке құрылыстарға пайдалану аясын кеңейту қажет. Тіпті оны заңнамалық тұрғыдан реттеу керек. Бұл туралы өндіріс орнына барған сенатор Бибігүл Жексенбай айтты. Ол шағын өндіріс орындарына осылай қолдау білдіріп, тұрақты нарық қалыптастыру керек дейді. Айта кетейік, депутат барған өндіріс орнының іске қосылғанына небәрі 6 ай ғана болған. Онда бүгінде құрылысқа қажетті тауарлар өндіріледі.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Материалдарының көпшілігі талаптарға сәйкес келетіні қуантады. Тұрақты түрде қаншама жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Оларпдың әлеуметтік мәселелері, жалақылары. Оның барлығы осындай шағын өндіріс орындарын көбейту біздің негізгі мақсатымыз.