$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде 2,5 млн гектарға үйірлі шегірткенің таралуы болжануда

Елімізде 2,5 млн гектарға үйірлі шегірткенің таралуы болжануда

Жылдан жылға елімізде шегірткелердің таралу аумағы үлкейіп барады. Былтыр 1,6 млн гектар аумаққа өңдеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл 2 жарым млн гектарға үйірлі шегірткенің таралуы болжануда. Ең көп таралу Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында күтіліп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, шегірткенің жаппай көбеюі ауыл шаруашылығы жерлері мен егістіктерге үлкен қауіп төндіріп отыр.

Ермек КЕНЖЕХАНҰЛЫ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үйірлі шегірткелерді өңдеу жұмыстарына бюджеттен 8,1 млрд теңге қаражат қарастырылған болатын. Оның ішінде республикалық бюджеттен 4,2 млрд қарастырылса, Үкіметтің резервінен қосымша 3,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың барлығы зиянкестерге қарсы препараттарды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруға тиісті пестицидтерді оны сақтауға уақытылы өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруға осы мердігерлермен тиісті уақытылы келісім шарттар жүргізілген болатын.