$487.24 €529.34 ₽5.02
×

БҚО-да бір ауылдың үш қызы суға батып кетті

16.07.2024ж. 20:00
309
БҚО-да бір ауылдың үш қызы суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында бір ауылдың үш қызы суретке түсеміз деп суға батып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. Су жағасында суретке түсеміз де келеміз деген қыздарын ұзақ күткен ата-анасы кейін Жайық өзенінің бойынан олардың велосипеді мен киімін тауып алыпты. Осыдан кейін жанұшырып, құтқарушыларды шақырған.

Райымбек ШАМАКОВ, БҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

Жайық өзенінен белгіленбеген жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен үш кәмелет жасына толмаған қыз баланың денесі табылған болатын. Үшеуі үш үйдің балалары. 2010, 2011 жылы туған жасөспірім қыздар. Үшеуі бір ауылдікі, бір мектептің оқушылары.

Биыл тыйым салынған жерде суға түскен 8 оралдыққа айыппұл салынған. Бірақ айыппұл суға кеткендерді азайта алар емес. Өйткені өңірдегі өзен-көлдердің жағасы шомылуға лайықталмаған. Осындай жабайы жағажайдың жалпы саны жүзден асады. Ал оның бәрін бақылау мүмкін емес, сондықтан сақтықты ұмытпаған жөн, дейді құтқарушылар.