$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда автобус тұрғын үйге барып соғылды

AstanaTV
16.07.2024ж. 20:00
442
Алматыда автобус тұрғын үйге барып соғылды

Айдана ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Алматыда тағы бір автобус апаты болды. Апатты оқиға дәл осы жерде болған. Аялдамада тұрған автобусқа жүк көлігі келіп соқтығысқан. Ал ол жолдың жиегінде тұрған үйге барып соғылған. Жол апатынан 9 адам зардап шекті, бір жолаушы дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

137-ші бағыттағы автобус дарбазаға соғылғанда үй иелері шырт ұйқыда жатқан. “Қатты дыбыстан бірден ояндық” - дейді.

Нұрәмір АБДУҒАППАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Оқиға болған кезінде ол шамамен 9:15-те. Бір мезетте дүрсілдеген дауыс шықты. Сол уақытта мен далаға шықтым да, үйдің алдында автобус тұрғанын көрдім. Айналаға қарасам, жараланған адамдар да бар екен. Полиция қызметкерлері де жүр екен.

Алматы қалалық Полиция Департаменті аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Әшімов көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінің солтүстігіндегі аялдамаға тоқтаған 137-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Инерция салдарынан қоғамдық көлік жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке тұрғын үйдің қоршауына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда.

Дәрігерлердің айтуынша, екі адам ауыр жарақаттанған. Қазір ауруханада тиісті ем алып жатыр.

Асылбек ЕМБЕРДИЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қажетті медициналық қарап-тексерулерден кейін 2 пациент политравма бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Соның ішінде реанимация залына жеткізілген пациент те бар.Екі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр.Қалған пациенттер қажетті медициналық қарап тексерулерден кейін тұрақты мекен-жайлары бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Ал автобус жүргізушісі психологиялық соққы алған.