Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауы арқасында кәсіпкер несиеге қол жеткізді

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2671
«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауы арқасында кәсіпкер несиеге қол жеткізді

«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауы арқасында жамбылдық кәсіпкер 6 млн теңге несиеге қол жеткізді. Байзақ ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Кеулімжай Шартықбаев бұл ақшаға қора-жай соғып, мал сатып алған. Бұған дейін 3 жыл кезек күткен ол партияның аудандық филиалына жағдайын айтқан соң мәселесі  шешімін тапты. Қазір 75 жастағы қария төрт түлікті баптап отыр.

Былтыр Жамбыл облысы бойынша 3 мыңдай адам партияның қоғамдық қабылдауына барса, 29 пайызының мәселесі оң шешілді. Ал, биылғы қаңтарда бұл көрсеткіш 39 пайызды құрады.

Шұғыла Молдақұлова 3 жастағы сырқат сәбиіне жарты миллион теңге тұратын бесікарба табуға қиналған. Қараша айында партияның қоғамдық қабылдауына келген көп балалы анаға жергілікті кәсіпкер көмек көрсетті.

Шұғыла Молдақұлова, Тараз қаласының тұрғыны:

«Нұр Отанға» келіп, жағдайымды айттым: «Осындай көмек беретін адамдар бар ма? Жағдайым келмейді, мына бесікарбаны алғанға»,- деп. Ресейге тапсырыс беріп, 1 айдың ішінде алдыртып берді.

Бақыт Төлемісова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы және аумақтық филиалдарға былтырғы жылы 3 мыңнан астам азаматтар келіп, оның 29 пайызы өтініштерінің оң шешімін тапқан. Енді биыл қарасақ, осы қаңтар айында 350 азамат келіп, оның 39 пайызы оң шешімін тауыпты.