Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын 2020 жылдан бастап төлейді

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2142
Жұмыс беруші зейнетақы жарнасын 2020 жылдан бастап төлейді

Жұмыс берушiлер міндетті зейнетақы жарнасын 2020 жылдан бастап төлеуi мүмкiн. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Заң бойынша азамат әдеттегiдей жалақысының 10 пайызын зейнетақы жарнасы ретінде төлей бередi. Ал қосымша 5 пайыз көлемiндегi жарнаны жұмыс берушi өз есебiнен төлеуге мiндеттеледі.

Айта кетейік, алдын бұл өзгеріс 2018 жылға жоспарланған. Енді оны 2020 жылға шегеру көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы көлемі қайта есептеледі. Заң жобасын іске асыру үшін бюджеттен қосымша 81,6 миллиард теңге талап етіледі, -деді вице-министр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

Осылайша жоғарыда аталған өзгерістерді іске асыру үшін, заң жобасында сегіз заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасын іске асыру үшін 2017 жылы қосымша 81,6 миллиард теңге талап етіледі. Олар республикалық бюджетті нақтылау кезінде қарастырылды. Бұл заң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.