$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Қайық қағып кеткен: Ыстықкөлде Қазақстан азаматы көз жұмды

AstanaTV
18.07.2024ж. 21:43
262
Қайық қағып кеткен: Ыстықкөлде Қазақстан азаматы көз жұмды

Ыстықкөлде қайық қағып кеткен Қазақстан азаматы көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 15 шілде күні Қара-Ой ауылындағы демалыс орындарының бірінің жағажайында болған.

"Ауруханаға ауыр дене жарақатын алған Балықшы қаласының тумасы, 42 жастағы қазіргі Қазақстан азаматы жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Апат кезінде су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған.

16 шілдеде ер адам алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.