Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Мүгедектердің жүріп-тұруына жағдай жасалмаған нысандардың тізімі анықталуда

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
2579
Мүгедектердің  жүріп-тұруына жағдай жасалмаған  нысандардың тізімі анықталуда

Тобыл өңірінде  мүмкіндігі шектеулі жандардың  жүріп-тұруына жағдай жасалмаған  нысандардың  тізімі анықталуда. Игі шараны  аймақтағы арнайы құрылған қоғамдық  кеңес өкілдері қолға алды. Арбаға таңылған адамдарға арнайы  баспалдақ орнатпаған ғимарат иелері енді жауапкершілікке тартыла бастайды. Мәселен , Қостанайлық кәсіпкерге  жуырда  қомақты айыппұл салынды-дейді  кеңес мүшелері.

Тағдыр тауқыметін  тартып,  арбаға таңылған Азамат Жұмабаев  қала дүкендерінің  бірінен  өзіне қажет  заттар  сатып алмақ болады. Бірақ арнайы баспалдағы жоқ сауда орнына  кірмек түгілі, кәсіпкерден ауыр сөз естіп,жігері құм болған. Өз құқығын қорғау үшін  шағым жазып, дүкен иесін жауапкершілікке тартуды  өтініпті.

Азамат  Жұмағұлов,  1-ші топтағы  мүгедек:

Әлгі дүкенге мүгедектердің кіріп-шығуына еш жағдай жасалмаған.Арнайы баспалдақ орнатылмаған. Сондықтан дүкен иесінің үстінен шағым түсірдім.

Әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті өкілдері  арыз  бойынша  тексеріс жүргізіп, дүкен иесіне 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Бірақ  жеке кәсіпкер әкімшілік  жазамен келіспейтінін білдіріп, сотқа талап-арыз түсірген көрінеді.

Мұрат  Мұратбеков, Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон  департаменті басшысы:

Бұрын  нысанға жауапты тұлғаларды  кездесуге шақырып, келісуге тырысатынбыз.  Былтыр  Әкімшілік Кодекске өзгеріс енгізілді.Енді жауапты тұлғаларды  міндеттей аламыз.Тіпті, дер кезінде шара қолданбаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Былтырдан бастап  барлық өңірде  арнайы қоғамдық кеңестер құрылды. Оның құрамына кембағал кісілердің мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік өкілдері де енгізілген.

Дүйсенғали Оспанов, «Үміт-Надежда» қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы:

Келешекте  көптеген осындай жағдайлардың оңтайлы шешім болады деп отырмыз.Мүгедектер тарапынан ұсыныстар көп. Осыған дейін ол кісілердің құқығы болған жоқ.Бүгінгі заңға сәйкес олардың шағым түсіруге, талап қоюға құқы бар.

Қазіргі таңда қаладағы 144 ғимартта ғана пандус пен арнайы жолдар орталығна. Ал қалған нысандардың есігі қамкөңіл жандар үшін жабық деуге болады. Себебі биік баспалдақ, қолайсыз кіре-беріс арбаға таңылған адамдарға үлкен кедергі. Мамандардың айтуынша  Қостанай облысында 1377  ғимарат кембағал жандар үшін қолайсыз деп танылған. Тең жартысы жеке кәсіпкерлерге тиесілі.  Жоспар бойынша биыл екі жүзден астам  мемлекеттік  мекемеге  арнайы  баспалдақтар орнатылмақ.

Жайнагүл Баянова Қостанай облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы

Соның ішінде мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау, мәдениет , денешынықтыру  және спорт ұйымдары  тағы да басқа обьектілер кіріп отыр.

Мәтін: Әкімшілік Кодекске енгізілген  оң  өзгерістер -  кедергісіз кеңістіктің кепілі болмақ. Яғни,  қамкөңіл жандарға қамқорлық танытпаған қалталы азаматтар мен мемлекеттік мекеме өкілдері  әкімшілік жазаға тартылады.

Заңғар САНАЙ