Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда жеңіл қылмыс жасағандар қара жұмысқа жегілді

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
2187
Алматыда жеңіл қылмыс жасағандар қара жұмысқа жегілді

Алматыда жеңіл қылмыс жасағандар қара жұмысқа жегілді. Олар ұрлық жасағандар, төбелескен немесе алаяқтыққа барғандар.Осындай 10-нан аса адам шартты түрде жаза арқалаған еді. Сондықтан олар қолына күрек пен тырма алып, Жетісу ауданындағы «Есентай» өзені жағалауын қоқыстан тазартты. Тәртіп сақшыларының айтуынша,айыпталушылар жазасын осылайша қоғамдық жұмыстарды атқарумен өтейді. 21 жастағы Тимур Қыдыров төбелесіп, шалыс басқанын айтады. Сот шешімі бойынша оның қылмысы жеңіл деп есептеліп, шартты түрде жаза кесілді. Еркіндікке жіберілген ол бүгінде 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып отыр.

Тимур Қыдыров,  жазасын өтеуші:

Осы қоғамдық жұмысты істеп жатқан себебім мен осы үлкен қателік жасап, сол қатемді түзетіп, өзімді жақсы жағынан көрсету  үстіндемін. Барынша атсалысып, осы беделді, үлгілі азаматтардың қатарында өз өзімді көрсеткім келеді.

Марат  Тұрсын, Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметінің инспекторы:

Жетісу аудандық әкімдігімен бірлесе жұмыс істеудеміз. Олар тазалайтын аумақты өздері бөліп береді. Сотталушылар бұл істерімен елге пайдасын тигізіп қана қоймай, келесі жолы аяғын аңдап басуға үйренеді. Қазір Жетісу ауданында 218 адам жазасын шартты түрде өтеуге кесілген. Олардың барлығы қоғамдық жұмыстарды істеп жүр.  Нәтижесінде ауданда  ұрлық-қарлық пен тонау деректері біршама азайды.

А.ЕРМАХАН