$480.55 €533.75 ₽5.36
×

«Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері және «Biz Birgemiz» қоры Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

19.07.2024ж. 20:00
379
«Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері және «Biz Birgemiz» қоры Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

«Жастар Рухы» белсенділері және «Biz Birgemiz» қоры Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді. «AMANAT» партиясының жетекшілігімен Алматы қаласынан 40 тонна көмек аттанды. Онда селден зардап шеккен тұрғындар үшін азық-түлік, киім-кешек және қажетті заттар бар. Қазір жүк Ош қаласына жеткізілуде. Қор жетекшісі көршілес мемлекетке демеу білдіру біздің парызымыз, - дейді.

Перизат ҚАЙРАТ, «BІZ BIRGEMIZ» ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Елімізде осыдан бірнеше ай бұрын су апаты кезінде алғашқы болып көмекке келген Қырғызстан халқы болатын. Волонтер ретінде сонымен қатар гуманитарлық көмекте Қырғызстан халқынан алғаш болып келген болатын

Әкежан КЕҢЕСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

20-дан астам еріктілер "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері. Бұндай жағдайда Қырғызстан елімен біргеміз және кез-келген жағдайда қол ұшын созуға дайынбыз