$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі табылды

AstanaTV
20.07.2024ж. 12:52
214
Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі табылды

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінде ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қайғылы оқиға 18 шілдеде болған. Ер адам өзенге батып кеткен. Оны іздеу жұмыстарымен ТЖД өкілдері айналысқан. 19 шілдеде ер адам өлі табылған. 

"Бұқар Жырау ауданында, Петровка ауылынан бір шақырым жерде, Нұра өзенінде 19 шілдеде Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары іздеу жұмыстары барысында 18 шілдеде суға батып кеткен ер адамның денесін тапты",-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.