Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қостанайда қоқыс жатқан жерді анықтайтын мобильдік қосымша жұмыс істейді

AstanaTV
28.02.2017ж. 20:00
2713
Қостанайда қоқыс жатқан жерді анықтайтын мобильдік қосымша жұмыс істейді

Қостанайлық шенеуніктер күл-қоқысты тазартудың жаңа жолын тапты. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары тұрғындарға «траш-аут» мобильдік қосымшасын қолдануды ұсынып отыр. Оны жүктеген қостанайлықтар қоқыс жатқан жерлерді суретке түсіріп, бірден интерактивті картаға енгізе алады. Ал мамандар  осы қосымша арқылы қатты қалдықтың қай маңда екенін автоматты түрде анықтайды.

Амангелді Исмаилов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өкілі:

Біздің басқарма интерактивті картаны қарап, нәтижесінде пайда болатын декректерді жергілікті атқарушы органдарға, коммуналдық кәсіпорындарға берілетін болады. Содан кейін осы заңсыз үйінділер бірден жойылатын болады.

Тобыл өңірінде қоқыс төгетін полигондар мәселесі өзекті болып тұр. Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері қала шетінде қатты қалдықтарды қайта өңдейтін бекет ашу қажеттігін айтуда. Жыл сайын 100 мың тоннаға жуық қоқыс төгілетін Қостанайдағы «Солтүстік» полигоны алдағы 5-7 жылда толады. Қалың қоқыстың тек азғана мөлшері қайта өңделеді. Сондықтан кейбір қалдық түрлері қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін. Мәселені шешуге жергілікті билікпен қатар аймақ кәсіпкерлері де атсалысуда. Қайта өңдейтін кешен салу үшін  8 жарым миллиард теңге керек. Қомақты қаражатты қалалық әкімдік  дүниежүзілік банктен алуды көздеп отыр.