$519.51 €611.83 ₽6.6
×

БҚО-да кәсіпорынға 22 млн теңге айыппұл салынды

AstanaTV
21.07.2024ж. 07:31
545
БҚО-да кәсіпорынға 22 млн теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастаған кәсіпорынға 22 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Теректі және Ақсуат ауылында анықталған заңбұзушылық қатаң бақылауға алынды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшесі жауапты мекемені "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы" тасжолындағы бұзылған жерлерді 3 ай аралығында қалпына келтіруге міндеттеді.