$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жетісу облысында өртеніп жатқан тұрғын үйден газ баллоны шығарылды

AstanaTV
21.07.2024ж. 08:13
128
Жетісу облысында өртеніп жатқан тұрғын үйден газ баллоны шығарылды

Жетісу облысында өртеніп жатқан тұрғын үйден газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Жетісу облысының Панфилов ауданында жеке тұрғын үйдің шатырының және ағаш қалқанының жануы орын алған.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында газ баллондар жарылысына жол берілмеді. 163 шаршы метр алаңды қамтыған өрт толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлау керек.