Алдағы
уақытта ЖОО қаржылық және басқару ісінде өздігінен шешім қабылдай алатын
болады. «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында ұлттық жоспардың 78-ші
қадамын жүзеге асыруға байланысты жиын өтті. Қазірдің өзінде оқу орындары білім
берудегі бірқатар бастамаларды іске асыра алады. Ал олардың құзіреттілігін
арттыратын заң жобасы қалыптасқан жағдайды жақсарта түспек.
Бибігүл
Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
ЖОО
нарыққа қажетті мамандықтарды саралай отырып, түрлі білім беру бағдарламаларын
өздігінен жасақтай алады. Мемлекеттік стандартқа сай бұл көрсеткіш
бакалавриатта 65, магистратурада 80, ал
докторантурада 95 пайызды құрайды. Бұл оқу орындарының академиялық тұрғыда
өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Мәжіліс
депутаты Жәмиля Нұрманбетованың пікірінше, мемлекет басшысы қойған талаптарды
орындау үшін заңға өзгеріс енгізу керек. Бұл білім беру саласын да қамтиды.
Аталған жоба іске асатын болса, оқу
орындары тек білім ошағы ғана емес, инновациялық орталықтарға айналмақ.
Жаңашылдық жемқорлықтың да жолын кеседі. Нарықта бәсекелестік артып, заңды
белден баспақ болғандарды тыю үшін ішкі бақылауды сараптау керек.
Жәмиля
Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының
мүшесі:
Қазір
дайындық ретінде өзіміз бар құжаттарды, заңдарды зерттеп, қарап жатырмыз.
Негізі бізде парламентке кіріп, талқыланып шыққан заң өте сапалы болып шығуы
керек. Негізі осыны біздің көптеген университеттер күтіп отыр. Сондықтан
осындай жағдай жасалуы керек. Ең бірінші - заң дұрыс болуы керек.
Дархан
Ахмет-Зәки, ҚР БҒМ департамент директоры:
Коррупцияға
қарсы күресу үшін ішкі студенттер мен ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасты
дұрыс деңгейге қою керек. Содан кейін кең ауқымды түрде ақпараттық
технологияларды енгізу керек. Үшіншісі, жалпы сондай деңгейде мәдениетті
қалыптастыру керек.