Америкалық BMJ Oncology қауымдастығы қатерлік ісік ауруларын болдырмауға көмектесетін күнделікті әдеттер туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Мәлімет бойынша, қатерлі ісік жылдан-жылға жас адамдар арасында кездесіп жатыр. Мәсселен, соңғы 30 жылда 50 жасқа дейін онкопатология диагнозы қойылған адамдардың саны 80%-ға өсті. Сондықтан мамандар қатерлі ісік қаупін барынша азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар кеңестер ұсынады.
Артық салмақтан құтылу
Әсіресе белдегі жиналған артық майлар қауіпті болып келеді. Висцеральды семіздік осылай көрінеді. Бұл жағдайда нормадан сәл ауытқу болса да, сақ болған жөн. Дәрігерлер жастардың артық салмақ қосуын егде жастағы адамдарға қарағанда ультра өңделген тағамдарды, қант пен зиянды майларға бай тағамдарды тұтынуымен байланыстырады.
Физикалық белсенділік
Орташа физикалық белсенділік әрқашан тек пайдалы. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісіктің алдын алуға, әсіресе жүзу, серуендеу және теннис көбірек пайдалы. Жаттығу иммундық жүйені нығайтуға мүмкіндік береді.
Тамақтану әдебі
Ағзаға көкеністердің, жеміс-жидектердің жетіспеушілігі айтарлықтай рөл атқарады. Сондай-ақ фаст-фуд пен өзге де зиянды тағамдарды шамадан көп тұтыну – қатерлі ісікке бастар жолдардың бірі.
Сусындарды дұрыс таңдау
Бұл ретте құрамында қант мөлшері көп, газдалған сусындардан бас тартуға кеңес беріледі.
Мұнымен қоса дәрігерлер, күн сәулесінің шабуылынан сақ болуға, ішімдік пен шылымға әуес болмауға шақырды.