$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Киіз үйде түнеген: Із-түссіз жоғалған зейнеткер Ассы қыратынан табылды

AstanaTV
22.07.2024ж. 04:01
201
Киіз үйде түнеген: Із-түссіз жоғалған зейнеткер Ассы қыратынан табылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Ассы үстіртінен 67 жастағы ер адам табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің дерегінше, 1957 жылы туған ер адам Еңбекшіқазақ ауданы Ассы үстіртіне жолға шыққан. Жолда ол көліктен түсіп, жаяу жүруді шешті. 

Бірақ жол ұзақ болғандықтан, 67 жастағы ер адам жол бойындағы киіз үйде түнепті.

Республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамды тауып, ұлына тапсырды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.