$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында әуе кемесі апатқа ұшырады

AstanaTV
22.07.2024ж. 09:54
272
Ақмола облысында әуе кемесі апатқа ұшырады

21 шілдеде сағат 18.54-те Ақмола облысының Жарқайың ауданында АН-2 әуе кемесі апатқа ұшырады. Көлік министрлігі істің мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Министрлік мәліметінше, ұшақтан өрт шыққан. Бортта ұшқыш болды. Әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-не тиесілі.

Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД күштері жұмылдырылды, өрт оқшауланды, алдын ала ақпарат бойынша адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. 

Осы оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.