$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды

AstanaTV
22.07.2024ж. 23:17
513
Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды

22 шілдеде төрт ай бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыз Айя-Софияның өлі күйінде табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы еріктілер Instagram-дағы парақшасында жазды.

2024 жылғы 17 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында үш жасар Айя-София есімді қыз жоғалып кетті. Ол түстен кейін үйден шыққан, одан соң оралмаған.