$480.61 €534.53 ₽5.28
×

«Жастар рухы» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы өтті

23.07.2024ж. 20:00
283
«Жастар рухы» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы өтті. Жиында жаңаша жұмыс істеу жоспары мен жолдары талқыланды. Сонымен қатар, Жастар қанатының жаңа төрағасы тағайындалды. «Жастар Рухы» Жастар қанатының құрамында 10 аудандық, 1 қалалық бөлімше қызмет атқарады. Бүгінде белсенді жастардың саны 7 мыңға жуықтайды.

ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ:

Жас келсе іске демекші, маған сенім артып, қолдап отқандарыңызға үлкен рахметімді айтамын. Жалпы осы жастар саясатында жүргенімізге 10 жылдан астам уақыт болды, жаңа басшылық та айтып кетті. Арыс болсын, Мақтаарал болсын, Қостанай болсын, барлық жақта облыстық жастармен бірге болып, халықтың арасында болып осы бір дүниелерді бойыма сіңіріп өсіп келе жатырмын, сондықтан осындай зор мүмкіндік беріп отырғандарыңызға барлығыңызға рахмет,