$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы бір зардап шеккен қызметкер көз жұмды

AstanaTV
24.07.2024ж. 23:52
233
Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы бір зардап шеккен қызметкер көз жұмды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тағы бір қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дәрігерлердің бүкіл күш-жігеріне қарамастан Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы бір қызметкерінен айырылдық. 1999 жылы туған науқастың денесін 90% күйік шалған. Осы уақытқа дейін ол өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Марқұмның жақын туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

25 жастағы Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы ферроқорытпа зауытында технолог болып жұмыс істеген.