Еліміздегі
4 мыңға жуық қоқыс полигондарының 15 пайызы ғана экологиялық стандарттарға сай
келеді. Бұл туралы Сенатта өткен Экологиялық кеңестің отырысында мәлім болды. Сондықтан олардың
санын арттыру жоспары тұр. Ал оған дейін қатты қалдықтардың кей түрін бірден
көмуге тиым салатын экологиялық заңға түзетулер енгізу қажет. Оның бір бөлігі
орта және шағын бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында болса,
екіншісі қалдықтарды қолдану мәселелерін реттеуге бағытталған.
Құралай
Қаракен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының
мүшесі:
Келесі
жылдан бастап кодекске сай қоқыс қалдықтардың белгілі бір бөлігін қайта өңдемей
тұрып, жерге көмуге тиым салынбақ. Сол кодекстің тағы бір бөлігінде қатты
қалдықтардың 11 түрін көмуге тиым салған. Алайда елімізде ол қоқыстардың 5
түрін жинап, қайта өңдеп, жою турасында жүйе қалыптаспаған. Сондықтан оны 2018 жылдың соңына дейін қалдыруды сұрап отырмыз.