$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына 25 жыл

AstanaTV
02.03.2017ж. 20:00
3458
Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына 25 жыл

Ширек ғасырға созылған маңызды миссия. Қазақстанның БҰҰ-на мүше болғанына 25 жыл толды. Еліміз осы уақыт аралығында халықаралық деңгейде қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Сыртқы істер министрлігінде осы айтулы күнге орай жиын өтті. 

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова мемлекетіміз ұйым құрамына 168-ші болып тіркелгенін еске алды. Қазақстан ол кезде халықаралық дипломатияға енді қадам басқан жас мемлекет болса, қазір әлем таныған елге айналып отыр.

Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі:

1992 жылы қаңтарда Қауіпсіздік кеңесі біздің елдің өтінішін қарап, БҰҰ-ның қатарына қабылдау туралы Бас ассамблеяға ұсыныс берді. Кеңес мүшелері Қазақстанның бейбітшілікті арқау еткен ел екеніне көзі жетті, ұйымның мақсаттарын бірге жүзеге асыра алатынына сенді. Бас ассамблеяның қарарын 126 мемлекет қолдады.

Қазақстан - БҰҰ сапындағы 19-ға жуық арнайы ұйымдардың мүшесі. Еліміздің басты жетістігі ретінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануын атауға болады. Ұйымның Қазақстан бойынша үйлестірушісінің айтуынша, біздің ел алғаш мүшелікке қабылданған күннен бастап бейбітшілік пен қауіпсіздік идеясын ұстанғанын көрсете білген.

Норимаса Шимомура, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:


Қазақстан көмек алушы емес, көмек ұсынушы елге айналған. Тек қаржылық емес, білім тұрғысынан қол ұшын беру мәселесін қолға алдық. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салада модернизация жасау жұмыстарын жалғастырып келеді .