Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясының белсенділері жалғызбасты анаға қол ұшын берді

AstanaTV
02.03.2017ж. 20:00
1953
«Нұр Отан» партиясының белсенділері жалғызбасты анаға қол ұшын берді

«Нұр Отан» партиясының белсенділері жалғызбасты анаға қол ұшын берді. Билік партиясынан қолдау көргендердің бірі - Мәртөк ауданының тұрғыны Нұрлы Қуанова.  Жалғызбасты көп балалы ана баспанасына ел қатарлы газ кіргізуге шамасы келмеген. Жолдасы жеті жыл бұрын дүние салған әйелдің өзі жұмыссыз, 12 жастағы қызының  омыртқасы ауырады. Науқас қызының жағдайына алаңдап, амалы таусылған ана билік партиясынан көмек сұраған. Нәтижесінде көгілдір отынның игілігін көрді.

Нұрлы Қуанова, Родниковка ауылының тұрғыны:

Біраз қиналдым отынға. Содан январьда «Нұр Отанға» барып, көмек сұрадым. Сол кісілердің арқасында газ кіргізді. Балаларым қуанып қалды.

Бақытжан Мүлкаев, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Мәртөк аудандық ТКШ бөлімі басшысымен және аудандық білім бөлімі басшысымен бәріміз бірлесе отырып, осы мәселені шешуге атсалысып, осы кісінің үйін газға қосуға мүмкіндік бердік. 

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалына 500-дей арыз-шағым түссе, оның 181-і оң шешімін тапқан.