$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Әлем елдерінен келген үздік цирк артистері Алматыда бір ай бойы өнер көрсетеді

AstanaTV
29.07.2024ж. 20:00
258
Әлем елдерінен келген үздік цирк артистері Алматыда бір ай бойы өнер көрсетеді

Алматыда II Халықаралық цирк фестивалі өтті. Оған әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртіс келіп, өнер көрсетті. Енді Алматы Цирк фестивалі жеңімпаздары еліміздің мәдени астанасында қалып, бір ай бойы қала тұрғындары мен қонақтары үшін өз қойылымдарын ұсынады. Билеттер бағасы 2000 теңгеден басталады.

МАҚСАТ ЖАЙЫҚОВ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ең бастысы жоғары деңгейде өтуіне біз еңбек етіп жатырмыз. Біріншіден көрермендерге жақсы цирк қойылымын сыйлау, цирк өнері халықаралық дәрежеде насихаттау, дәріптеу. Өз өнерімізді көрсету, Алматы қаласының көріктілігін, осы Алматы циркін тарихын көрсету. Өзіміздің мәдениетімізді көптеген туристтерге туристтерге әртістерге таныту.

Биыл Алматыдағы цирк ұжымы 54 жылдығын атап өтуде. Соңғы жылдары әкімдік тарапынан қолдау күшейтілген. Мәселен, әртістер Қытай мен Ресейдегі үздік цирк мектептерінде оқудан өтті. Араға 35 жыл салып шетелге гастрольдік сапарды қайта жаңғыртты. Енді цирк ғимараты күрделі жөндеуден өтетін болады.

АХМЕТ ЭКЩИ, «ARMONI ORGANIZASYON» БАС ДИРЕКТОРЫ:

30 жыл ішінде әлемнің көптеген елдерінде цирк фестивалдеріне қатыстым. Бүгін мұнда шақырту алып Түркиядан атажұртымыз болған Қазақстанға, Алматыға келуім мен үшін үлкен мәртебе болды. Қазақстан циркі қазіргі таңда қарқынды дамуда. Дүниежүзіне танылып жатыр. Алдағы жылдарда Қазақстан циркін Түркияға шақырып, турнир ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Алматы цирк фестивалінің бас жүлдесін өзбекстандық даршылар жеңіп алды. Ал алтынды Қытайдан келген қатысушы Ван Манчэн иеленді. Ол өзімен бірге салмағы екі тоннаға жуық ауқымды реквизиттер алып келген болатын. Естеріңізге сала кетейік ІІ халықаралық цирк фестивалі бағдарламасы 25 тамызға дейін жалғасады.