$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырау қаласының іргесіндегі Жұлдыз-3 ықшамауданы халқы коммуналдық қызметке жарымай отыр

01.08.2024ж. 20:00
445
Атырау қаласының іргесіндегі Жұлдыз-3 ықшамауданы халқы коммуналдық қызметке жарымай отыр

Атырау қаласының іргесіндегі Жұлдыз-3 ықшамауданы халқы коммуналдық қызметке жарымай отыр. Айтуларынша, жарық жиі өшіп, ауыз су әлсін-әлсін тоқтайды. Салдарынан тұрмыстық техникалары бірінен соң бірі істен шыққан.

Жамиғаш САПАШЕВА, ТҰРҒЫН:

Свет қайта- қайта сөнеді. Қайта қайта сөнеді. Жалп жалп жалп. Ол ойыншық па бізге. Барлық адамдадың техникалары жанып кетіп жатыр ғой. Жалғыз менікі емес. Жылда барамыз, олар жылда уәде береді. Құзырлы орындардан мекеме шақырып алып, былтыр жиналыс жасады. Сонда мен бардым. 2013тен бері тұрамын. Содан бері проблема ғой.

Мәсрипа ЕСЕНҒАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

300 тг сатып алған суымызды 19 литрлікті 1000-1200ден алдық су жоқ кезде. Әр қарай осылай жалғаса береміз бе. Қарапайым өмір сұру үшін коммуналдық қызметті ғана талап етіп отырмыз, аспандағы айды сұрап тұрған жоқпыз.

Үш мыңға жуық халық тұратын Жұлдыз-3 алабы Қайыршақты селолық округке қарайды. Тұрғындар жер учаскесін алып, 2010 жылдан бастап қоныстана бастаған. Содан бері ауылдың жұлдызы жанбады,- дейді жиналғандар. Бірақ ауыл әкімі олардың сөзін жоққа шығарды.

Шапхат ҚАЛИЕВ, ҚАЙЫРШАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОРКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жұмыстар өте жақсы жүргізілуде. Инфрақұрылым толық тартылды. 8 трансформатор бар. Келісім шарт арқылы «Атырау жарықпен» жөнелуде. Бұл да кезекте тұр. Бақылауда тұр. Авариялық жағдайда өшенде авартиялық қызмет деп кезінде қосып отыр. Бұл жерде ешқандай өзекті мәселе жоқ.

Жұлдық-3тіктер бұдан өзге қоқыстың уақытында алынбайтынын, ауылда демалыс алаңы жоқтығына шағымданды. Тіпті еккен егінді шегіртке отап кетті дейді. Бірақ оны естір құлақ жоқ,- деп өкпелі.