$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Батпаққа батып баратын балаларға мұғалімдері де ұрсады...

AstanaTV
04.03.2017ж. 20:00
2221
Батпаққа батып баратын балаларға мұғалімдері де ұрсады...

Алматының іргесіндегі "Айғаным"шағын ауданының тұрғындары жылдың төрт мезгілінде де тізеден балшық кешіп жүреді. Жаяу адам тұрмақ, көлікпен жүргендердің де қатынауы қиын.Ауыз судың өзін 10 жыл күткен елді-мекенде мектеп те, емхана да жоқ.
Талғар ауданы «Қайнар» ауылдық округіне тиесілі «Айғаным» шағын ауданынан  батпаққа батып баратын балаларға мұғалімдері де ұрсады.

Данияр Манатов, «Айғаным» шағын ауданының тұрғыны:

Аяғым лай болып келгенде апайымыз ұрсады. Суық суға апай жуғыздырады. Сосын ауырамыз, сосын сабақтан қаламыз. Автобус тоқтап, бір күн келеді, бір күн келмейді.

Бауыржан Бекқожаев, «Айғаным»шағын ауданының тұрғыны:

Бірінші кезекте жолды жасап берсе. Көп көшелерді өзіміз төседік. Былтыр келді де, су жүргіземіз деп қазды да, одан әрі балшық езді де, тастап кетті. Жылда қайталанатын осы проблема. Әкімдердің қозғалатын түрі жоқ.Олар не үшін Үкіметтен жалақы алып отыр? Не үшін жұмыс істемей отыр? Одноразовый әкім. Барсаң кабинетіне, қабылдамайды.


Емхана, мектеп ғана емес, көгілдір отын да жоқ. Ауыз суды жыл сайын күтетін халық ақыры одан күдер үзіп, есік алдынан құдық қазған. Бірақ суы ішуге жарамсыз,- дейді.

Жеңіс Беркімбаев, «Айғаным» шағын ауданының тұрғыны:

800 үй бар ауылда. Әрқайсымыз жерден қазып су шығарып алғанбыз. Алды 30 метр арты 13 метр. Содан азаматтар жиналып 7 үйден сынама жіберді. Сынаманың алтауы ішуге келмейді. Біреу айтады туалетный, енді біреуі тяжелый металл деді. Ауырып сырқасаң, келеді скорый 2-3 сағатта. Мен сияқты шалдар оғанға шейін өліп те қалады.

Тілшілеріміз әкімдікке барған. Ондағылар облыс бюджетіне телміріп отырғанын жеткізді.

Жандос Ясинов, Талғар ауданы«Қайнар» ауылдық округінің әкімі:

Жоспар бойынша 2014 жылы басталған. Су құбыры жалпы«Айғаным», «Ай-Абылай» сосын Еркін ауылы бірге кіреді. Ол жерде жаңа су құбырын тартып жатыр. Биылғы жылы жоспар бойынша аяқталады. Ақша солай қарастырылған.Поэтапно бөлінген. Биылғы жылы 130 млн қалды. Су, құдайым бұйырса, қалай орталық көшелерді жауып аяқтайды, содан кейін жолын жасауды бастаймыз.

«Құдайы бұйыртсын» дейміз. «Айғаным» тұрғындары руллондап алатын целлофан қалталар «табиғатқа зиян» деп, ащы мысқылдамай-ақ қоялық.