Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Қ.Қасымовтың мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді

AstanaTV
03.03.2017ж. 20:00
2443
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Қ.Қасымовтың мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының өкілдері Ішкі істер министрінің мәлімдемесіне жауап берді. Оған сүйенсек, құрамына құрылыс-сәулет жобалау институты өкілдері мен өзге де білікті мамандар енген комиссия бұл жағдайды жіті тексерген. Желтоқсан айында сарапшылар "төтенше жағдай жобаның қателігінен болды" деген қорытынды жасады. Компанияның қоғаммен байланыс департаментінің басшысы бұл шешіммен келіспеуге негіз жоқ, - дейді.

Еске салайық, жуырда ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ЭКСПО аумағында декоративті шатыр құрылысының құлауына дәнекерлеу жұмыстарында қателік кетуі себеп болды, деген еді.

Сергей Куянов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қоғаммен байланыс департаментінің директоры:

Бұл жағдайға кім кінәлі болса да, мердігер, яғни BI Group компаниясы, келісімшарт талабы бойынша барлық ережеге сай нысанды тапсыруы тиіс. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін басқа құрылыс нысандарына қосымша бекіту жұмыстарын жүргізу шаралары жасалды. Бүгінде қауіпсіздік тұрғысынан ешбір күмән жоқ.