$494.95 €525.49 ₽5.05
×

Алматыда V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтті

AstanaTV
05.08.2024ж. 20:00
374
Алматыда V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтті

Алматыда V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында «Ұлы Дала ойындары» фестивалі өтті. Ұлттық спортты дамытуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Жалпы 700-ден астам спортшы қатысты. Ұйымдастырушылар V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында ел намысын қорғағысы келетіндерге әлі де мүмкіндік бар дейді.

НҰРЛАН ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ» КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кім келіп қатысқысы келеді өз өнерін сынағысы келеді келіп сынай берсе болады. Жылда Наурыз өтетін өңірлерде мықты қой көтеретіндер бар, барлығы келіп осы жерге қатысып өздерінің күштерін сынай берсе болады. Асық атудан, тоғызқұмалақ, қазақ күресінен ондай ешқандай шектеу жоқ. Жан жақтан келіп жатқандар бар.

Фестиваль аясында Аламан бәйгеге 63, Құнан бәйгеге 33 сәйгүлік қатысты. Сонымен қатар қол күресінен 170, гір көтеруден 40-тан аса мықтылар өзара бақ сынасты. Фестиваль аясында қала қонақтары қазақ күресі, көкпар тарту, теңге ілу, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарды тамашалады.

Әлімжан ҚЫДЫРБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ–ПРЕЗИДЕНТІ:

Тоғызқұмалақта еңбектеген баладан, еңкейген шалға дейін бүгінгі іс шараға жас ерекшелігі бойынша 11 жасқа дейін,и 13 жасқа дейін, 15 жасқа дейін ойнатып жатырмыз. 3/35 Ойынның 3 түрі бар. Классика 2 сағат, рапит 20 минуттан 40 минут ойнайтын және блиц деген түрі бар шапшаң ойын 7 миунттан 14 минут ойнайды. Біз мына жерде рапит түрінен өткізіп жатырмыз. Енді сол айтылған уақытында бітіріп марапаттауға дайын боламыз.