Көктем
мезгілімен қатар келетін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астана қаласы
қорғаныс істері жөніндегі департаменті
дәстүр бойынша елордада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерін мерекемен
құттықтады. Алғаш болып әскерилер Мария Ивановнаның шаңырағына ат басын бұрды.
Небәрі 18 жасында майданға аттанып, 4 жыл жаудың шабуылына тойтарыс беріп, елге
аман оралған батыр ана зұлмат жылдарды еске алып, келген қонақтарға алғысын
білдірді.
Мария
Полторацкая, ҰОС ардагері:
Шақыртулар
өте көп. Дастарханын кең жайып, барынша көңіл бөледі. Бізге деген құрмет те
ерекше. Көңілім толады. Кеше ғана әйелдер күніне орай шараға қатысып қайттым.
Бауыржан
Лекеров, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
директоры:
Біздің
қала бойынша 24 Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар. Сол аналардың барлығын
құттықтап отырмыз. Сол кісілерді құрметтеп, аналарымыз болғаннан кейін, бүгінгі
мейрам болғаннан кейін, аналар мейрамымен келіп құтықтап жатырмыз.