Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда балық браконьерлерімен күресетін органдардың мәселесі қаралды

AstanaTV
06.03.2017ж. 20:00
2388
Атырауда балық браконьерлерімен күресетін органдардың мәселесі қаралды

Браконьерлікпен күрес бар, бірақ нәтиже жоқ. Облыстық прокуратурасында өткен браконьерлікпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінде табиғат қорғау прокурорлары осылай деді. Олардың мәліметінше, ішкі істер департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі бір жыл бойы 79 қылмыстық істі сотқа жіберген. Бөлімде 36 қызметкердің жұмыс жасайтынын ескерсек, олардың әрқайсысы жыл бойына екі ғана қылмыстық істі ашумен айналысқан. Сондай-ақ, олардан тәркілеген балық көлемі де өте аз. Бөлім жыл бойы 1 ғана фураға жүк боларлық 21 тонна қара балық тәркілепті, деді құзырлы мекеме өкілдері. Ал су полициясы былтыр бар-жоғы 4 қылмыстық істі ашқан. Нәтижесінде мемлекетке келген шығын су көліктеріне кеткен жанар-жағармайды да ақтамаған көрінеді.

Владимир Малахов,  Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:

Жоғары техникалық жабдықтармен қамтылғанына қарамастан, су полициясы 4 қылмысты ашқан. Осылайша 1 тонна қара балық, 107 келі бекіре тұқымдас балық және 700 грамм  уылдырық тәркіленді. Бір де бір қылмыстық топ ашылмады. Аталған қылмыстардан мемлекетке 700 мың теңге шығын келді. Ал су полициясының су көліктері үшін жанар-жағармайға 10 миллион теңге жұмсалған. Жалпы облыстағы броконьерлікпен күрес бөлімдерінің барлығы былтыр бар болғаны 4 келі қара уылдырық тәркіледі. Ал мемлекеттің кіріс департаменті жыл басынан бері 11 келі уылдырық тәркіледі.