$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Испания футбол құрамасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

AstanaTV
10.08.2024ж. 12:06
199
Испания футбол құрамасы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды

 Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында футболдан Испания футбол құрамасы чемпионы атанды.

Испания футбол құрамасы Париж Олимпиада ойындарының финалында да Францияға қарсы ойнап, қарсыластарын 5:3 есебімен ұтты. Осылайша Испания құрамасы Олимпиада чемпионы атанды.

Аса тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 3:3 болып тең аяқталып, жарыс экстра-таймға ұласты. Экстра-таймда Испания құрамасының ойыншысы Серхио Камелло екі гол (100', 120+2') cоғып, командасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша, Франция астанасы Париж қаласында өткен Олимпиада ойындарында испаниялық футболшылар чемпионы атанды.

Ал жарыс қожайындары франциялықтар күміс жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар Морокко футбол құрамасы үшінші орынға таласта Мысыр командасын 0:6 есебімен жеңіп, Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.