$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Агрессивті ит: Павлодарда үй жануарының иесі жауапқа тартылды

AstanaTV
10.08.2024ж. 16:44
308
Агрессивті ит: Павлодарда үй жануарының иесі жауапқа тартылды

Ит иесі айыппұл төлейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға қала тұрғыны қоңырау шалды. Ол Бұқар жырау көшесіндегі үйінің ауласында ер адам үлкен итті қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз серуендетіп жүргенін айтты. 

– Ит агрессивті болды. Шақыруға келген полиция қызметкерлері ит иесін анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін ит иесі айыппұл төлейді, – дейді департаментте.  

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыста осындай бұзушылық үшін 1260 жануар иесі жауапқа тартылды.