$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Париж Олимпиадасы: Әлішер Ерғали қола жүлде үшін белдесу өткізеді

AstanaTV
10.08.2024ж. 22:29
308
Париж Олимпиадасы: Әлішер Ерғали қола жүлде үшін белдесу өткізеді

Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Олимпиаданың қола жүлдесі үшін күреседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. 

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалдық кезеңде Бахрейн елінің балуан Ахмед Тажудиновпен сынға түсіп, жеңіліс тапқан болатын. Жарыс ережесі бойынша егер Ахмед Тажудинов финалға өтіп жатса, Әлішер Ерғали қола медаль үшін жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алады. Бахрейн балуаны жартылай финалда АҚШ спортшысы Кайл Снайдерді 6:4 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде сынға түсіп, қола медаль үшін таласады. Жұбаныш белдесінде қазақстандық балуан алғашқы айналымда Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалған ирандық Амирали Азарпирамен кездеседі. Бұл белдесу ертең, 11 тамызда сағат 14:00-де өтеді.