Париж Олимпиадасында Өзбекстаннан барған жанкүйерлер боксшы Баходир Джалоловтың финалдық жекпе-жегінде көршілес елдердің туын желбіретті. Олардың арасында Қазақстанның да туы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аймақтағы әрбір елдің жетістігі – біздің ортақ жеңісіміз. Спорт бізді біріктіреді. Күшіміз тек бірлікте. Алға, Өзбекстан! Алға, Орталық Азия», - деп жазды жергілікті БАҚ.
Париж Олимпиадасында өзбекстандық спортшылар 8 алтын медаль жеңіп алды. Осы арқылы олар медальдық көрсеткіште 13-орынға көтерілді.
Ал Қазақстан құрамасы 41-орында тұр. Қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола бар.