$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында 37 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі

13.08.2024ж. 20:00
353
Жамбыл облысында 37 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Жамбыл өңірінде жыл соңына дейін 37 елдімекен ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Оған қоса облыстағы оқушы орны жетпейтін, үш ауысымды, апатты және тозығы жеткен жалпы саны 19 мектептің мәселесі шешіліп, пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек аймақ әкімі аграрлық секторда 4 пайыз өсім барын айтты.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылшаруашылығы облыс экономикасының басым салаларының бірі десек, салада тұрақты өсім байқалды. Өңірдің агроқұрылымдары егін жинауға кірісіп жатыр. Негізгі дақылдардың жалпы түсімі 2,1 млн тоннаға жетеді деп күтілуде.