Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AstanaTV Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айдос Мырзахметов бұл қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.