$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Орталық сайлау комиссиясында exit poll-ға қатысты ережелер түсіндірілді

AstanaTV
10.03.2016ж. 20:00
2035
Орталық сайлау комиссиясында exit poll-ға қатысты ережелер түсіндірілді

Бұқара арасында жүргізілген exit poll нәтижелерін додаға 5 күн қалғаннан бастап,және сайлау өтіп жатқан күні жариялауға тыйым салынады. Бүгін орталық сайлау комиссиясында арнайы брифинг өтіп, халық арасында жүргізілетін сауалнама тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Айта өтейік, exit poll нәтижелері сайлауға қатысқан азаматтардың еркін жауап берулері арқылы жіргізіледі. Алдын ала қортындылар шығарылады. Ал, Мәжіліс депутаттарын сайлаудың жалпы Республика бойынша қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы 27 наурыздан кешіктірмей анықтайды. Сайлау қорытындылары туралы хабар БАҚ-да 30 наурызға дейін жарияланады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесi:

Еxit poll қортындылары БАҚ-қа және жұртшылыққа ағымдағы жылдың 21 наурыз күні сағат 00-ден кейін ұсынылады. Дауыс беруге дейін 5 күннің ішінде 15  наурыздан бастап және дауыс беру күні 20 наурызда БАҚ-та қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға  тиым салынады.

Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс сайлауын өткізу тәртібі айқындалды. Кандидаттарды 21-ші наурызда арнайы сессияда дауыс беру арқылы таңдайды.Бүгінде Ассамблея құрамында 446 мүше бар. Олардың 50 пайыздан астамының дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі. Сессия қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жария еткен соң жабылады.

 Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА