Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тобыл өңіріндегі диқандар мемлекеттік кіріс департаментін сотта жеңіп шықты

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2880
Тобыл өңіріндегі диқандар мемлекеттік кіріс департаментін сотта жеңіп шықты

Қостанай облысының шаруалары мемлекеттік кіріс департаментін сотта жеңіп шықты. Бүгін азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 6 айға созылған соқа дауының соңғы нүктесін қойды.

Владимир Долгих, Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы: 

Қостанай облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің 13.06.2016 күні тауар классификациясына енгізген өзгерістер мен толықтырулары және қабылдаған шемімі  заңсыз деп танылсын. Талапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылсын!

Еске сала кетейік, мемлекеттік кіріс департаменті 5 жыл бұрын Канададан әкелінген қымбат техникалардың тауарлық кодына өзгеріс енгізіп, өңір диқандарына  5 пайыздық кедендік баж салығы мен өсімпұл төлеу туралы шешім қабылдаған. Ал, мамандандырылған  экономикалық сот аймақтағы қос шаруаға қатысты үкім шығарып, 11 миллион теңге көлемінде қомақты қаражат төлеуге міндеттеген еді. Жарты жылға жуық сот табалдырығын тоздырған  шаруалар канадалық агрегаттың  жай ғана дән сепкіш емес, көп жүйелі кешен екендігін ақыры дәлелдеп шықты. Бүгін азаматтық істер жөніндегі  апелляциялық сот алқасы бұған дейінгі сот үкімінің күшін жойып, шаруалардың шағымын қанағаттандырды.