Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елбасы «Әлемнің шуағы» атты мерекелік концертке қатысты

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2792
Елбасы «Әлемнің шуағы» атты мерекелік концертке қатысты

Елбасы Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Әлемнің шуағы» атты меркелік концертке қатысты. Аталған шара «Қазақстан» орталық концерт залында өтті. 3000-нан астам қыз-келіншекке гүл шоқтары табысталды.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев!

Мерекелік концертке жиналған қауым Елбасын ерекше қошеметпен қарсы алды. Ал сахналық көрініс өзінің ерекшелігімен көпшілікті тәнті етті.

Анна Шәкірхан, Астана қаласының тұрғыны:

Әлемнің жарығы деп тұрмыз. Әлемнің де, үйдің де, бала-шағасының да жарығы боп, әйелдеріміз әрқашан бақытты болса, еліміз де көркейіп әдемі болады деп ойлаймыз. 

Жұмагүл Нұрқасынова, Астана қаласының тұрғыны:


Осындай бір шуақты күнде барлық отбасында тұрақтылық пен бақыт болсын. Мынадай гүлдердей әрбір қыз-келіншектердің жаны жадырасын.