$520.93 €609.07 ₽6.68
×

ІІМ Халықаралық әйелдер күнін атап өтті

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
3225
ІІМ Халықаралық әйелдер күнін атап өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында еліміздің бас полицейі қоғамдық тәртіпті сақтауды абыройлы міндет деп тапқан аруларды құттықтады. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің сапында 12 мыңға жуық нәзік жандылар қызмет етеді. Оның 729-ы жетекші қызметте. Бүгін құқыққорғау саласында жүрген 480 қызметкер арнайы марапат пен алғыс хатқа ие болды.  

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Кеше ғана бір полиция маманының осы мейрамға дайындығын естідім. Гүл сататын дүкенге кіріп, сатушыға «мың сөздің орнына 1 шоқ гүл жеткілікті» деген екен. Мен осы көктемдегі мерекеге арнайы дайындалатын ер азаматтарға риза боламын.

Ал «Полиция аруы-2016» фотобайқауының жеңімпазы атанған Сабина Чикаева арнайы диплом пен бағалы сыйлыққа ие болды.

Сабина Чикаева, Ішкі істер министрлігінің маманы:

Бұл жыл сайын өтетін конкурс. Мен жеңімпаз атанғанымды залда отырып естіп, қатты қуандым. Барлық аналарға, асыл әжелерге, нәзік жандылардың барлығына бақыт пен шаттықты шын жүректен тілеймін.