Сайлауға әзірлік шаралары барысында бүгінге дейін ешбір заңбұзушылық тіркелмеді.Қазақстанның бірқатар аймақтарын аралап, халықпен тілдескен сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия өкілдері осылай деді. Олар халықтың маңызды шараға қатысуға құлшынысы жоғары екенін байқаған. Елдегі сайлау учаскелерінде 10 мыңнан астам байқаушы жұмыс істейтін болады. Арасында заңгерлер, қоғам қайраткерлері мен журналистер де бар. Олар сайлау күні орталық сайлау комиссиясымен және прокуратура органдарымен қоян-қолтық жұмыс істейді.
Әділ Ахметов, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі:
Бізге анау Таяу Шығыс керек жоқ, бізге тыныштық керек, бізге ауызбіршілік керек тек осының арқасында дамимыз өркендейміз деп отыр
Нұрлан Ерімбетов, ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы:
Біз барамыз, сайлауға қатысамыз дейді. Қазір бүкіл отбасылары осы сайлау туралы айтып жатыр. БАҚ өкілдеріне алғысым бар, себебі сіздер бәрін жандандырып жібердіңіздер, халықтың байқағаны партия өкілдерін бірдей көріп отырмыз дейді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА