$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Рейстердің кешігуі мен жолаушы шағымдары: Air Astana және FlyArystan әуе компанияларына арнайы тексеру жүргізілмек

AstanaTV
14.08.2024ж. 21:12
314
Рейстердің кешігуі мен жолаушы шағымдары: Air Astana және FlyArystan әуе компанияларына арнайы тексеру жүргізілмек

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті Air Astana және FlyArystan рейсінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне байланысты "Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ авиакомпанияларына, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдар келіп түсті", –деп хабарлайды көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті.

Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылған. Сарапшылар рейстердің орындалмауы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнама талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтайтынын түсіндіреді.


"Сонымен қатар, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының бұйрығымен "Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ авиакомпанияларынана жоспардан тыс тексеру тағайындалды”, – делінген ақпаратта.