Алматы облысы Талғар ауданының полиция қызметкерлері 2,5 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғар ауданының полиция қызметкерлері 2,5 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні ұстады.
"Осы жылдың 11 шілдесінде полицияға Алматы тұрғыны белгілі бір сомаға шетелден әкелінген автокөлікті қазақстандық есепке қоюға уәде берген бейтаныс адам туралы хабарлап, жүгінді. Алайда ақша алғаннан кейін алаяқ уәдесін орындамады", - деп хабарлады Талғар аудандық полициясы.
Жәбірленушінің арызы бойынша құқық қорғау органдары аталған бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіні анықтады, ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам ұсталып, одан әрі іс жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып, тергеу жүріп жатыр.