$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанай облысында туберкулезбен ауыратындар саны артты

AstanaTV
15.08.2024ж. 10:33
356
Қостанай облысында туберкулезбен ауыратындар саны артты

 2023 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда Қостанай облысында туберкулезбен ауыратындар 9,6%-ға өсті. Олардың қатарында барлық жас топтары бар: ересектер, балалар, жасөспірімдер, - деп жазды KAZINFORM.

Облыстық СЭС департаментінің хабарлауынша, туберкулез – жұқпалы ауру. Ол көбіне адамдарға науқас кісі түшкіргенде, жөтелгенде жұғады.

— Бүгінгі таңда туберкулездің негізгі профилактикалық қорғанысы - екпе. Вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі бойынша тегін, бала өмірінің алғашқы күндерінде – БЦЖ вакцинасы арқылы жүргізіледі. Бұл вакцинаның тиімділігін сан жылдар бойғы тәжірибе көрсетіп беріп отыр. Сондықтан БЦЖ екпе алмаған сәбидің әлеуметтік жағдайы жақсы отбасында тұрса да, туберкулезді жұқтырған жағдайда, ауруға шалдығу қаупі жоғары, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, олар туберкулездің алдын алу және оны азайту мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.