$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада 4 аудан қызыл судың құрсауында қалуы мүмкін

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
2474
Астанада 4 аудан қызыл судың құрсауында қалуы мүмкін

Астанада 4 бірдей аудан қызыл судың құрсауында қалуы мүмкін. Осындай жағдайды болдырмау үшін «Көктем-2017» деп аталатын республикалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өтіп жатыр. Онда 117 жеке құрамдағы құтқарушы мен 36 техника бірлігі жұмылдырылған. Биылғы күз жаңбырлы болса, қыс ерекше қарлы болған. Қазір коммуналды мекемелер тәулігіне 30 мың куб қарды қала сыртына шығарып жатқан көрінеді.

Ришат Тұрдыбеков,  Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары:

Бізде су құрсауында қалу қаупі бар 4 аймақ бар. Соның бірі - осы Көктал. Қалған үшеуі - Көктал-2, Өндіріс және Ескі зауыт аймағы. Онда, болжам бойынша, 300-ге жуық үйді су басу қаупі тұр.

Авариялық құтқару жұмыстары барысында электр жарықтары өшіп, қызыл су енсе, қалай қимылдау керектігі жайы пысықталды. Мұнда жылыту және медициналық-психологиялық көмек көрсету пунктері де бар. Құтқарушылардың сөзінше, осындай жұмыстар шынайы қауіп төнсе, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Эльдор Райымбеков, Астана Қаласы ТЖД төтенше жағдайды жою бөлімінің басшысы:

Бүгінгі күні әр бөлімшелер өз қызметкерлеріне арнайы бұйрық беріген, барлығы функционалдық қызметтерін біледі, және де техникалық шаралар жүргізіледі.