$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Петропавлда әйел адам екі жасар ұлымен бірге жоғалып кетті

AstanaTV
18.08.2024ж. 19:52
307
Петропавлда әйел адам екі жасар ұлымен бірге жоғалып кетті

Петропавлда әйел адам сәбиімен бірге үш айдан бері із-түзсіз кетті. Олардың жоғалып кеткені туралы ақпарат Skopetro Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавлда 21 жастағы Анастасия Давыдова мен оның екі жасар ұлы Артем үш айдан астам уақыт бойы іздеуде.

Олар 2024 жылдың 14 мамырында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар-ошарсыз.

Әйел адамның белгілері: бойы – 165 см, көзі – көкшіл-жасыл, шашы – қызыл.

Баланың белгілері: бойы – 85 см, көзі – қоңыр, шашы – ашық аққұба.