Полиция қосымша тергеу жүргізіп жатыр
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Каспийдегі 14 сарбаздың өліміне қатысты істе күдіктілердің саны көбейетінін және олар да ұсталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды AstanaTV.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды қызметкерін жұмыс кабинетінде, қолдарына кісен салып, ұстап әкеткен еді. Сол ақпаратты толықтырған ІІМ күдіктілердің саны көбейетінін мәлімдеді.
«Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады полиция.