$523.58 €549.71 ₽5.01
×

"Кім істегенін білмеймін". Илья Ильин өміріндегі ауыр кезең туралы айтты

AstanaTV
19.08.2024ж. 10:31
296
"Кім істегенін білмеймін". Илья Ильин өміріндегі ауыр кезең туралы айтты

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Рахим Ошақбаевқа берген сұхбатында өміріндегі ауыр кезең туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, медальдарын тартып алған сәтте қиналған.

"Медальдардың бәрін тартып алған сәт мен үшін ауыр кезең болды. Көптеген адамдар менен "барлығын алып қойды" деп ойлайды. Сол үшін атап өткім келеді. Менен тек олимпиададағы екі медальды ғана тартып алды. Ал қалғандары өзімде бар. Оны ешкім менен алмады. Сондықтан "менде ештеңе жоқ" деп айтар кезде абай болыңыздар. Әрине, олимпиададағы медальдарды тартып алғаны өкінішті. Бұл нәрсені кім, не үшін жасағанын білмеймін", - деді ол.

Сондай-ақ спортшы "ауыр атлетиканы алып тастау керек" дейтіндерге өзінің пікірін айтты.

"Ауыр атлетиканың өзіндік тарихы бар. Көпшілігі қазір "ауыр атлетиканы алып тастау керек" деп жатыр ғой. Сіздер не айтып тұрғандарыңызды түсінесіздер ме? Бұл - менің өз пікірім. Білесіздер ме, біздің тарихымыз бар, спортшыларымыз бар, бұл спортты жақсы көретіндер және оған жанашыр жандар бар. Бұл спорт түрін қайтадан ретке келтіру оңай. Оған модернизация жасап, жүйені жаңалаудың қажеті жоқ. Жай ғана адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Сол кезде бұған дейін алған медальдарымыз қайта келер еді", - деді ол.