$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Әккі барымташыларды құрықтау операциясы өтті

AstanaTV
10.03.2016ж. 20:00
1982
Әккі барымташыларды құрықтау операциясы өтті

Жамбыл облысының барымташылары, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында қолға түсті. Олар Меркілік тұрғынның 53 бас жылқысын жүк көлігіне тиеп көрші облысқа кірген кезде құрықталған. Үйірлі жылқыдан көз жазып қалған азамат дереу полицияға хабар берген. Жедел іздестіру шаралары барысында, Қамбар ата түлігіне қырғидай тигендердің 4-уі ұсталды. Олар жылқыларға жалған құжат та жасап үлгеріпті. Оңай олжаға кенелгісі келгендердің бұл жолғы барымталаған жылқысы 9 млн. 400 мың теңгеге бағаланып отыр.  Ұсталғандар тергеу барысында бұған дейін жасаған қылмыстарын да жайып салған. Осыдан бір ай бұрын Мерке ауданынан 30 бас жылқыны үптеп кеткендерін айтты. Енді олардың кінәсі дәлелденсе 5 жылдан 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 
Данияр ӘЛІМҚҰЛ